94724 қазан – кітапханашы күні. Кітапхана – ғылым отаны, білім мен ғылым ордасы болса, оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір кітапханашылар. Олар бірнеше жылдар бойы халық қазынасы – кітаптарды қамқорлыққа алады.
Осындай асыл дүниелерімізді жинақтап, оны ойлы оқырманға күнделікті ұсынып жүрген Қызылорда жоғары көпсалалы колледжіміздің кітапханашысы – Егізбаева Айгүл Әбутәліпқызы.
Ол 1987 жылдан бастап, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың кітапханасында, Назарбаев зияткерлік мектебінің кітапханасында қызмет жасаған.
36 жыл кітапхана саласында еңбек еткен Айгүл Әбутәліпқызы ана тілімен қатар ағылшын тілін жетік меңгерген маман. Үнемі кәсіби біліктілігін арттырып келеді. Атап айтсақ, 2008 жылы Түркия Республикасының Анкара қаласында өткен «Кітапханашылардың сауаттылығын арттыру» атты халықаралық семинарға қатысты. Онда ағылшын тілінде баяндама жасап, университет кітапханасының жұмысымен таныстырды.
Сонымен қоса, 2018 жылы Астана қаласындығы Назарбаев университетінде өткен «ЖОО-ның кітапханашылар біліктілігін көтеру» атты семинарына қатысқан.
Кітапхана саласындағы қызметі бағаланып, бірнеше мәрте университет ректорының алғыс хаттарымен, мерекелік медальдармен марапатталған.
Бүгінгі кәсіби мереке құтты болсын!